ЖЫЛЫЖАЙЛАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

Өңірде бүгінгі күні аумағы 14,8 гектарды құрайтын 29 жылыжай болса, осы жылыжайлардан өткен жылы 2,1 мың тонна өнім алынды.
Жалпы бұл жылыжайлар маусымаралық кезеңде облыс тұрғындарының 10 пайызын көкөніс өнімдерімен қамтамасыз етуде. Ал, толық қамту үшін қосымша 50 гектар жылыжай қажет.Возможно, это изображение 4 человека, отдел новостей и текст
Осыған байланысты бүгін «Су үнемдеу технологиялары, жылыжай кешендерін орналастыру және көкөніс өнімдерін өндіруді дамыту» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.
Семинар барысында жаңбырлатып суару технологияларын шығаратын «БНК GROUP» серіктестігінің өкілдері өз жоспарларымен бөліссе, Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының өкілдері көкөніс өнімдерін өндіруді дамыту жайлы баяндап, қатысушылармен өзара пікір алмасты. Сондай-ақ, қатысушыларға қарапайым тәсілмен жылыжай өнімдерін өсіру мен жинау технологиялары таныстырылды.
Айта кету керек, жиын кезінде жылыжай кешендерінің дамуы мен мемлекеттік қолдауларда сөз болды. Мәселен, 2024 жылдан бастап мемлекет тарапынан жылыжай өнімдерін өндірген шаруашылықтарға оның ішінде фермерлік жылыжайларға 3,0 млн. теңге, өнеркәсіптік жылыжайларға 5,0 млн. теңге көлемінде субсидия төленетіні және 1 шаршы метрдегі өскіні 95 пайыздан кем болмауы керектігі түсіндірілді.