ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ
Жаңатас қаласын қыс мезгілінде жылумен қамтамасыз етуде қаладағы орталық қазандықтың маңызы зор.
Ағымдағы жылдың 13 қазанында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы
Ғ. Кенжеахметов Сарысу ауданында іс-сапармен болды.
Мемлекеттік инспектор қаладағы жылыту маусымының өту барысы, қалалық орталық қазандықтың жағдайы, қазандықтың газға ауыстыру жұмыстарымен танысты.
Орталық қазандықтың жағдайымен, атқарылған жұмыстармен аудан әкімі Сәкен Мамытов, Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Е.Алтишев және салаға тиісті басшылар таныстырды.
Орталық қазандықты газдандыру жобасының құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталған.
Мердігер компания тарапынан 4 дана Bosch су қыздыру қазандық қондырғылары, 1 дана Bosch бу қазандығы қондырғылары, желілік сорғылар, түтін құбыры, өзге де қажетті қондырғылар толық орнатылып, іске қосылған.