Жыл ішінде

Аудандағы мәдениет саласына жыл сайын ерекше көңіл бөлініп, түрлі жобалар қолға алынуда.
Жалпы, ауданда барлығы — 2 мәдениет үйі, 17 ауылдық клуб, 26 кітапхана бар.
Жыл басынан 2485 мәдени іс-шара өткізіліп, 96 мыңнан астам адам қамтылды.
Жыл ішінде Сарысу ауданының 95 жылдығы, Ықылас Дүкенұлының 180 жылдығы, Төкен Мақашевтың 100 жылдығы, Пернебей Дүйсенбиннің 80 жасы, Төлеу Үшқоңыров 85 пен Бергентай Нұрмаханұлының 75 жасы сияқты атаулы күндер кең көлемде аталып өтті.