Жыл үздіктері — құрмет төрінде

Аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы «Жамбылым — қазыналы құт мекенім!» атты жылдық мерекелік қорытынды концертіне қатысты.
Мерекелік кеште аудан басшысы жыл ішінде қолға алынған игіліктер туралы айтып өтіп, түрлі салада еңбек етіп жүрген азаматтарды Құрмет Грамотасымен, Алғыс хатымен марапаттап, аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Рүстем Бегалиевпен бірге “Ауданға сіңірген еңбегі үшін” төсбелгілерін табыс етті.
Марапаттар легін аудандық мәслихат төрағасы Мұхтар Шайдаев пен АМАНАТ партиясы Жамбыл аудандық филиалының төрағасы Талап Әбдібеков жалғастырды.
Шара соңында аудан басшысы ауылдық округте бастау алған “Ауылым — алтын бесігім” атты мерекелік шараның жеңімпаздарын марапаттады