Жүлдегер атанды

Иә мектеп, білім, ұстазым деген ұлы сөздер бір-бірімен тығыз байланысты. Бұл сөздердің құдіретін ұға білу де парыз. Дана халқымыз “дарын жанып тұрған жалын”- дейді, әр оқушының өз таланты болады.

Осындай марапатпен Саудакент ауылы, Балтабай Адамбаев атындағы тірек орта мектебінің 11- сынып оқушысы Қабыл Аружан Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастауымен дарынды балаларды қолдау мақсатында ұйымдастырылған «Елбасы медалімен» және төсбелгісімен марапатталды. 95 жасқа келіп жеткен Ұлы Отан соғысының ардагері Ібіжанов Қабыл атамыздың немересі Қабыл Аружанға бұл марапатты аудан әкімінің орынбасары Нұржан Нұралиев тапсырды және де осы жүлдені мектеп оқушысы Сембекқызы Сагина да иеленді.

Осындай дәрежеге жетудің өзі бір мәртебе. «Осынша аудан, облыс көлемінде атағы шығып, еліміздің көмегіне өз үлесін қосатын азамат пен азаматшалардың ой- санасына отансүйгіштік сезімді, білім нәрін сеуіп жатқан өнегелі орданы басқарып, алға жетелеп отырған мектеп директоры Фарида Тұрсынбекова жаңа ұрпаққа заманауи талаптарға сай тәрбие мен білім беруге инновациялық іс әрекеттің ғылыми педагогикалық негіздерін меңгерген, дарынды оқушыларды қалыптастыруда нәтижеге бағытталған сапалы көрсеткіштерге ие болған, жаңашыл басшы.

Менің мектебім — білімділер мектебі. Сабақ үстінде өтілген тақырыптар бойынша, таласа жүріп, тырмыса жүріп қосымша материалдар іздеп, ғылыми жобалар жазуға бейімделіп келеміз. Бұл түрдегі жұмыстарды орындауда өнегелі ұстаздарыма, сынып жетекшім Махашова Бота апайға және де мектеп директоры Ф.Тұрсынбековаға алғысымды білдеремін. Әрқашан қолдау білдіріп, сенімімді күшейтіп отыратын ата- анама да алғысым шексіз дегім келеді»-деді қуаныштан жүзі бал-бұл жанған Аружан.

Камели Сүлейменова, „Sarysý