Жүйрікте де жүйрік бар — қазанаты бір бөлек

Жүйрікте де жүйрік бар - қазанаты бір бөлек
«Жүйрікте де жүйрік бар — қазанаты бір бөлек, жігітте де жігіт бар — азаматы бір бөлек» деген. 85 жас мерейтойы қарсаңында туған топырағына қайырылған Асанәлі Әшімов аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырған арнайы ат бәйгесінің төрінен табылды.
Байқадам ауылдық округіне қарасты атшабарда өткен тай, құнан және аламан бәйгелердің жүлде қоры төмендегі реттілік бойынша табысталды.
Тай бәйге
(7 шақырым)
I орын — 75 000 теңге
2 орын — 50 000 теңге
3 орын — 30 000 теңге
Құнан бәйге
(15 шақырым)
I орын — 100 000 теңге
2 орын — 75 000 теңге
3 орын — 50 000 теңге
4 орын — 30 000 теңге
Аламан бәйге
(24 шақырым)
I орын — 200 000 теңге
2 орын — 150 000 теңге
3 орын — 100 000 теңге
4 орын — 75 000 теңге
5 орын — 50 000 теңге
Ат бәйгесінде сөз алған Асанәлі Әшімовтың қарындасы Амантай қажы апа жиынға қатысқан барша ағайынға аналық алғысын айтып, ұйымдастырушыларға оң бағасын беріп, жүлдеге ілікпенен шабандоздарға ынталандыру ретінде өз жадынан қосымша қаржылай сыйлықтарды үлестірді.
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі