Жұмыспен қамту мәселесін шешуде «Еңбек» бағдарламасы үлкен рөл атқарады

Осы бағдарлама аясында жұмыспен қамту орталығы жұмыссыз азаматтарға
«Жастар тәжірибесі», «Әлеуметтік жұмыс орны», «Қоғамдық жұмыстар»
бағдарламаларына тұрақты жұмысқа орналасу, сондай-ақ кәсіби оқыту мүмкіндігімен
қатысуды ұсынады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. «Бүгінгі таңда осы
мамандықтар бойынша төрт мыңға жуық бос жұмыс орны бар. Жұмысшы мамандардың
жетіспеушілігі байқалады. Негізгі себеп – азаматтардың мамандықты дұрыс таңдамауы.
Айта кету керек, «Еңбек» бағдарламасы жаңа мамандықты игеруге мүмкіндік береді.
Мысалы, жұмыс берушілер өз кадрларын қысқа мерзімді кәсіптік оқыту үшін 34
мамандық бойынша жібере алады», – деп хабарлады бүгін брифингте Нұр-Сұлтан қаласы
әкімінің орынбасары Бақтияр Макен. Жұмыспен қамту орталығының мәліметіне сәйкес,
биылғы бірінші тоқсанда жұмыс іздеуге 2 713 адам жүгінді. Оның ішінде
жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен 1 865 адам қамтылды. «Біз үшін
түрғындардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау үлкен маңызға ие. Біз бизнес үшін
жеңілдікті шарттармен шағын несиелер береміз. Микрокредит көлемі 8-ден 20 млн теңгеге
дейін, мерзімі 5 жылдан 7 жылға дейін өсті. Бұдан басқа, жаңа бизнес-идеяларды іске
асыруға грант беріледі. Биыл 441 адамды қамту жоспарлануда. Осы мақсатта 260,3 млн
теңге бөлінді. Жыл басынан бері мемлекеттік грант бөлу жөніндегі комиссия 59 жаңа
бизнес-идеяны іске асыруды мақұлдап, 47 грант берілді», – деді Б. Макен. Оның
айтуынша, бұл шаралардың барлығы жаңа жұмыс орындарын ашуға және азаматтарды
жұмысқа орналастыру мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Жалпы елордада мемлекеттік
бағдарламалар аясында 22 400 адамды жұмыспен қамту жоспарланған.

В решении проблемы трудоустройства большая роль отводится программе «Енбек»
В рамках данной программы Центр занятости предлагает безработным гражданам
принять участие в программах «Молодежная практика», «Социальное рабочее место»,
«Общественные работы» с возможностью постоянного трудоустройства, а также
профессионального обучения, передает официальный сайт столичного акимата. «На
сегодня имеется около четырех тысяч вакансий по этим специальностям. Наблюдается
острая нехватка рабочих специалистов. Основная причина – неправильный выбор
специальности. Необходимо отметить, программа «Енбек» дает возможность освоить
новую профессию. К примеру, работодатели могут отправить свои кадры для
краткосрочного профессионального обучения по 34 специальностям», – сообщил сегодня
на брифинге заместитель акима Нур-Султана Бактияр Макен. Согласно данным Центра
занятости, в первом квартале текущего года в поиске работы обратились 2 713 человек, из
них мерами социальной защиты от безработицы охвачены 1 865 человек. «Для нас
большое значение имеет поддержка предпринимательских инициатив горожан. Мы
предоставляем микрокредиты на льготных условиях для бизнеса. Максимальная сумма
микрокредита увеличена от 8 до 20 млн тенге со сроком от 5 до 7 лет. Помимо этого,
предоставляется грант на реализацию новых бизнес-идей. В этом году планируется
охватить 441 человека. Для этой цели выделено 260,3 млн тенге. С начала года комиссия
по распределению государственных грантов одобрила реализацию 59 новых бизнес-идей,
выдано 47 грантов», – отметил Б. Макен. Все эти меры, по его словам, позволят создать

новые рабочие места и решить проблему трудоустройства граждан. В целом в рамках
государственных программ в столице мерами занятости планируется охватить 22 400
человек.