«Жұлдыз» сауықтыру лагерінің демалушылары үйлеріне оралды

Таңсәріден аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев «Жұлдыз» сауықтыру лагерінің екінші кезеңінен қайтқан жасөспірімдерді қарсы алды. Бұл жолы 280 бала жолдама алған болатын.

Демалыстарын ойдағыдай өткізген демалушылар өз әсерлерімен бөлісіп, жазғы мезгілдік сапарларының сәтті өткендігін жеткізді.

2 тамыз күні лагерьдің үшінші кезеңі басталады.

Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі