ЖУАЛЫЛЫҚ ЖАСТАР РЕФЕРЕНДУМДЫ ҚОЛДАЙДЫ

 

Президентіміз ұсынған оң өзгерістер мен реформалардың іске асуына, Жаңа Қазақстанның қалыптасуына үлес қосу – әрқайсымыздың негізгі азаматтық борышымыз.

«AMANAT» партиясы аудандық филиалының жанынан құрылған штаб төрағасы Марат Нарымбеков және штаб мүшесі Мейіржан Телеушов сан түрлі салада белсенді қызмет етіп жүрген ауыл жастарымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Марат Аманғалиұлы
Мемлекеттік басқару жүйесін өзгертіп, елдегі саяси ахуалға жаңа дем беретін Конституциялық референдум – жалпыхалықтық деңгейде алғаш өткізілгелі отыр. Бұл – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасының нақты жүзеге асуының дәлелі. Мажоритарлы сайлау жүйесінің енгізілуі – сайлаушылардың республикалық қана емес, жергілікті жердегі де мүддесін жіті қорғауға мүмкіндік туғызады. Партиялық жүйені дамыту мен олардың мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында – саяси партияны тіркеу талабы 20 мың адамнан 5 мың адамға төмендейді. Өңірлік өкілдіктер саны 600 ден 200 ге азайып, бастамашыл топ саны 1000-нан 700-ге қысқарды. Бұлардың барлығы Әділетті Қазақстанды құрудың алғышарты екендігін атап өтті.

Әрі қарай сөз алған Мейіржан Телеушов Конституцияның жаңарған нұсқасында Мемлекет басшысының жақын туыстарына саяси лауазым иеленуге және квазимемлекеттік секторда басшылық қызмет атқаруға тыйым салынады. Сондай-ақ, құқық қорғау саласы бойынша маңызды өзгерістер енгізіледі. Атап айтсақ, Конституциялық сот құрылады. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің, яғни омбудсменнің мәртебесі Ата заңмен айқындалады. Елімізде өлім жазасы мүлде жойылады. Мұның бәрі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін жасалып жатқандығын жеткізді.

Кездесуде Марат Нарымбеков және Мейіржан Телеушов жастарды белсенділік танытып, 5 маусым күні референдумға қатысып, Конституциялық өзгерістерді қолдауға шақырды.