ЖУАЛЫДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ

Ауданымыздың орталығы Бауыржан Момышұлы ауылында ағымдағы жылы «Ауыл ел – бесігі» бағдарламасы аясында он сегіз көшеде орта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асфальттау жұмыстары аяқталуда.

Атап айтар болсақ, Парасат және Төле би көшелеріне орта жөндеу және кеңейту жұмыстары жүргізілді. Шоқан Уалиханов және Тәуелсіздік көшелеріне, Әйтеке би көшесінің бұрылысына, Игілік, Қ.Ералиев, С.Сейфуллин, Қойбақов №2, Е.Баймұханбетов, В.Латикант, Абылайхан, Ақментей, А.Иманов, М.Маметов, Ы.Алтынсарин көшелерінің бір бөлігіне орта жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Жергілікті бюджеттің есебінен Бауыржан Момышұлы көшесінің бойындағы көпқабатты тұрғын үйдің ауласы асфальтталып берілген. Тұрғындар жолдың тегіс, сапалы төселгеніне ризашылықтарын білдіруде. Сонымен қатар, аудандық аурухананың көлік тұрағы аумағына да асфальт төсеу жұмыстары жүріп жатыр.

Жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер компания «Қазына Құрылыс — 2020» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Компанияның техникалары мен жұмысшылары саны жеткілікті. Әр жобаны сапалы, уақытында аяқтауға әрекет етуде.

Жолдың құрылыс жұмыстарының сапасы, орындалу барысы аудан басшыларының үнемі бақылауында.

Жуалы ауданы әкімдігі