Жуалыда ардагерлер арасында аудандық турнир өткізілді

Жуалыда ардагерлер арасында аудандық турнир өткізілді

«AMANAT» партиясы Жуалы аудандық филиалының «Орталық» бастауыш партия ұйымының бастамасымен Бастауыш пар­тия ұйым­дарының бастамаларын қол­дау мақса­тында жергілікті жерлерде жобалар­ды іске асыру үшін партия­лық жарна­лар­дан қайтарылған 20% қаржыға ардагерлер арасында аудандық турнир өткізілді.

Шараны партия аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Нарымбеков Марат Аманғалиұлы мен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Жұмашев ашып, ардагерлерге сәттілік тіледі.

Жалпы турнирге он екі адам қатысты.
Турнир нәтижесі бойынша төмендегі ардагерлер марапатталды:

І Жарқынбек Ауезов
ІІ Жалимбетов Сәрсенбай
ІІІ Кемел Дауренов жүлделі орындарды иеленді.

Шара соңында топ жарған ардагерлерге бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етілді.
Жеңімпаз атанған ардагерлерімізді жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!