Денсаулық сақтау ісінің үздігі

Жуалы ауданының 95 жылдығына орай «Ел құрметтейтін азаматтар бар» айдарында…..
Әбдиев Сейітхан Әбдіұлы.
⚜️ Әбдиев Сейітхан Әбдіұлы 1936 жылы Қайрат ауылында дүниеге келген.
⚜️ 1960 жылы Алматы қаласындағы мемлекеттік медицина институтын бітірген.
⚜️ Еңбек жолын Казанка (Кәріқорған) ауылындағы учаскелік аурухананың меңгерушісі, туберкулез ауруханасының бас дәрігері. 1962 жылы аудандық аурухананың бас дәрігері. 1972 -1996 жылдар аралығында Жамбыл облысының бас терапевті, облыстық аурухананың бас дәрігердің орынбасары, облыстық аурухананың бас дәрігері болып еңбек етті.
⚜️ Облыстық денсаулық саласының дамуына зор үлес қосқан Сейітхан Әбдиев «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен марапатталған.