Жоспар 100 пайыз орындалуға жақын    

 Мемлекеттік саясаттың бірден-бір ұшқыны – халықтың салауатты өмір салтын арттыру екені белгілі. Бұл бағытта Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2020 жылға дейін бұқаралық спортты жанына серік еткен тұрғындардың үлесін 30 пайызға жеткізуді міндеттеді. Бүгінде Жамбыл облысы бұл жауапкершілік жүгін сенімді көтеріп, облыс орталығы былай тұрсын, аудандардың өзі межелі көрсеткішті  діттеп қалды.       

       Мәселен,  Шу ауданы бойынша осы таңға дейін 207 спорт нысаны анықталды. Оның ішінде 1 спорт кешені, 2 стадион, 61 спорт зал (49 типтік, 12 орнатылған), 71 футбол алаңы, 72 спорт алаңшасы (32 футбол, 13 волейбол, 11 баскетбол, 3 құрамдастырылған, 13 гимнастикалық) бар.

2019 жылы  Шу ауданы бойынша спортпен шұғылданушылар көрсеткіші 29,9 пайыз, яғни 30502 адамды құрады. Оның ішінде, 5714 адам 14 жасқа дейінгілер, 14139 адам 14-29 жас аралығындағы жастар және 10649 адам 29 жастан асқан азаматтар.

7-ден 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жеткіншектердің БЖСМ және дене дайындығы спорт клубтарында дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануышылар 2019 жылға Шу ауданы бойынша бұл көрсеткіш 15,1 пайыз,   яғни 2751 адамды құрайды.

Спорт мектептерінде  1939 шұғылданушы оқушылар тіркелген.

Аудан бойынша жалпы білім беру мекемелерінде 15 спорт түрі бойынша 477 үйірмелер жұмыс істейді. Бұл үйірмелерге 8639 оқушы қамтылған.

Шу ауданы бойынша 2019 жылдың басынан барлығы 62 спорттық іс-шара өткізілген  және осы іс-шараларға 14512 адам қамтылса, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің тікелей ұйымдастыруымен бүгінгі күнге дейін  48 спорттық іс-шара өткізіліп, оған 9141  адам тартылған.

Қоғамдық тәртіп, жол қозғалысы қауіпсіздігі де елді мекенде жіті назарда. Алайда биыл   жалпы әр түрлі 285  қылмыстық істер тіркеліп (2018 ж.–275), өткен жылға қарағанда қылмыс 3,6 пайызға жоғарылап отыр. Оның ішінде жалпы ауыр және аса ауыр 55 қылмыстық істер тіркеліп, өткен жылғыдан 41 пайызға өскен(2018 ж. -39).

Десе де қылмыстық істердің ашылу деңгейі 66,5 пайызды құрап, (2018 ж. – 65,9%) 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 9 пайызға жоғарылаған. Биылғы жылы жасалған қылмыстардың ішінде тонау — 2 (2018 ж. — 3), бұзақылық — 0(2018 ж. — 1), мал ұрлау — 4 (2018 ж. — 0).

Есепті кезеңде аудан көлемінде 76 жол көлік оқиғасы тіркеліп, оның салдарынан 9 адам қаза болып, 102 адам дене жарақатын алған.      2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда жол көлік оқиғасы 26,6 пайызға жоғары, кісі өлімі  7 адам. Сондай-ақ дене жарақатын алғандар 14,6 пайызға  артқан.

Әрине бір тұста өсім болса, бір тұста түсім болатындығы өмір заңдылығы. Ауданда жұмыс жасалмай жатыр деуден аулақпыз. Бар күш қылмыстардың азаюына жұмылдырылып жатқаны да түсінікті. Және мұндай жағдайда жұртшылықтың дені бұқаралық спортқа ден қойып, саламатты өмір салтын қалыптастырып жатқаны қуантады. Сондықтан біз шулықтардың шаруасы әлі шалқи түсетініне бек сенімдіміз.

 

Дедек Төлен