Жол-жөндеу жұмыстары

Қазіргі уақытта, «Тараз-КөлікЖолы» ЖШС-гі Талас ауданында орналасқан облыстық маңызы бар «Күйік-Қарабастау-Қаратау-Жаңатас-Саудакент» автомобиль жолының 87-97 шақырымдарын орта жөндеу нысаны бойынша жол-жөндеу жұмыстарын бастады.
Бүгінгі таңда, аталған автожол бөлігінде жол негізін суық ресайклер технологиясын қолдану арқылы салу жұмыстары аяқталып, асфальтбетонды жол жамылғысын төсеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Атап айтсақ,
10 шақырымның 3 шақырымында жол жамылығысы төселді. Қалған 7 шақырымда асфальтбетонды төсеу жұмыстарын 15 шілдеге дейін аяқтап, нысан мерзімінен бұрын пайдалануға берілмек.

Бақытжан Жәнібеков, Жамбыл облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы