ЖОЛ. ЖОБА

Жұмыр жердегі барлық мемлекет үшін экономиканың басты күре тамыры – жолдар. Тақтайдай тегіс жолдардың арқасында адамдар діттен жеріне жетсе, мемлекеттер арасында жүк тасымалын реттей алып жатыр. Бұл салаға туризм әлеуметін де қоссақ артық емес. Бір сөзбен айтқар болсақ, жол инфрақұрылымы арқылы экономиканың көптеген салалары дами түсетіні беліглі. Қазақ «Атың барда желіп жүріп жер таны, асың барда беріп жүріп, ел таны» дейді. Бұрынғы бабаларымыз аттың қомында желіп жүрсе, бүгінгілер темір тұлпар тізгіндеп, жол рақатын сезіп келеді. Әсіресе соңғы жылдары елімізде автомобиль жолдарының құрылысы қарқын алып, оның сапасын арттыру мәселесіде шешімін табуда Үкімет жол сапасын жақсарту мақсатында қыруар қаражат бөліп, стратегиялық жоспарлар жасауда.

Ел экономикасының дамуына, сауда-саттықтың қауіпсіз жеткізілуіне автомобиль жолдарының қосар үлесi үлкен. Облысымызда жыл санап, асфальт көрмеген жолдар тегістеліп, тұрғындар мен жүргізушілерге қолайлы орта қалыптастырылуа. Аймақтағы жалпы пайдаланымдағы жергілікті маңызы бар автожолдар мен елді мекен көшелерінде 2022 жылы атқарылатын жұмыстар бойынша айтар болсақ, облысымыздағы 10038 шақырым жолдың 4376 шақырымы автомобиль жолдарына, 5662 шақырым елді мекен көшелерінің желісіне тиесілі. Оның ішінде республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 1198, облыстық маңызы бар автомобиль жолдары 1756, аудандық маңызы бар автомобиль жолдары 1383 шақырымды құрайды.

Жергілікті маңызы бар автожолдар мен елді мекен көшелерінің жағдайын жақсарту мақсатында ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігімен 2022 жылы республикалық және жергілікті бюджеттерден бірлесіп қаржыландыру тәжірбиесін жалғастыру арқылы жалпы 16,2 млрд.теңге бөлініп отыр. Оның ішінде 8,3 млрд.теңге республикалық, 7,9 млрд.теңге жергілікті бюджеттерден қаралды. Бөлінген қаржылар есебінен 9,4 шақырым жолды қайта жаңғырту және 605,2 шақырым жолды орта жөндеуден өткізу жоспарланған. Оның ішіне облыстық маңызы бар автожолдар 194,1, аудандық маңызы бар 53,6, елді мекен көшелері 357,5 шақырымы енгізілді. Жалпы 252 жол жөндеу жобалары іске асырылуда. Бұл жұмыстардың бастау алуына әрине мемлекетімізде іске асырылып жатқан бағдарламалар мен жобалардың септігі орасан. Тарқатып айтар болсақ, «Нұрлы жол» бағдарламасымен 28 жоба (194,1 шақырым), «Ауыл – Ел бесігі» жобасымен 77 жоба (169,шақырым), «Өңірлерді дамыту – 2025» бағдарламасымен 2 жоба ( 9,4 шақырым), жергілікті бюджеттерден 145 жоба (196,3 шақырым) қолға алынған.

Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында және жергілікті жолдарды қысқы-жазғы маусымда күтіп ұстау жұмыстарына жоғарыдағы бөлінген қаржының 1 млрд. теңгесі жұмсалуда. Мысалға, 72042 шаршы метрге шұңқырлықты жөндеу, 1152 дана жаңа жол белгілерін орнату жұмыстары, жүргізушілер назарына 16 дана жол апатын ескерту баннері, 204 дана жол бойына белгі беру бағандарын орнату, 640 погон метр жасанды тегіссіздік орналастыру, 2105 шақырымға жол жамылғысына өстік таңба салу, 106 шаршы метрге шулы жолақтар орнату, 13522 шқ/жүріс жол жиегін автогрейдермен тегістеу, 375 текше метрдің жол жамылғысындағы ісінкі орындарын жою, 224,2 гектарға өртке қарсы минералданған жолақтарды жырту жұмыстары жүргізілуде. Аталған жобалардың жүзеге асырылуы – жергілікті тұрғындардың көлікпен қатынауын жақсартумен қатар, өңірдің көліктік логистикасы инфрақұрылымының дамуына үлкен үлесін қосады.

Жамбыл облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы