Жиналмаған үй денсаулыққа қалай әсер етеді?

Көптеген дерттің, созылмалы аурулардың себебі біздің түпсанамыз бен мінез-құлқымызда жатқаны белгілі. Бұл психосоматика деп аталады. Дегенмен денсаулығыңызды жақсарту үшін ой мен ниетті тазарту жеткіліксіз, айналадағы кеңістікті тазарту да маңызды.
Ас үй
Ластанған плита, сынған ас үй шкафтары, ескі сүлгілер мен дастарқандағы нан ұсақтары отбасы мүшелері үшін тура мағынасында артық салмаққа айналады. Сонымен қатар, мұндай үйдегі қаржылық әл-ауқаттың жақсаруы да екіталай, өйткені, тылсым әлеммен тілдесушілердің пікірінше, ас үй – отбасы үшін игіліктің қайнар көзі.
Ванна бөлмесі
Су тамшылары шашырап былғанған айна мен ақ түсті деуге келмейтін «раковина» үй иесінің өзін-өзі бағалауында кемшілігі, кедергісі бар екенін айтады деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті.
Дәліз
Ескі және қажет емес заттарға толы дәліз отбасылық «қақтығыстарға» әкеледі. Егер Сіздің жақындарыңыздың көңіл-күйі нашарлап, депрессияда жүрген болса, дәлізді кең, таза және жарқын ету туралы ойланыңыз.
Қонақ бөлме
Жиналмаған қонақ бөлме – айналадағы адамдармен келіспеушіліктің белгісі, бұл жалғыздық пен көңілсіздікке әкелуі мүмкін.
Жатын бөлме
Жатын бөлменің шашылып жатуы ұйқыны қиындатады, ұйықтап тұрған соң да шаршап тұрасыз, күш пен энергиядан айырады деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Лас, жиналмаған жатын бөлмеде ұйықтауға дағдыланған әйелдерде зәр шығару жүйесінің аурулары және ер адамдармен қарым-қатынаста қиындықтар болуы мүмкін.
Бәлкім үйдегі тәртіпсіздік денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін, жақын адамдармен қарым-қатынаста қиындықтар тудырады дегенге сенбейтін шығарсыз. Алайда біз сізге тәжірибе жасап көруді ұсынамыз. Үйіңізді ретке келтіріп, артық, қолданбайтын заттардан арылыңыз. Әсері көп күттірмейтіні анық, көңіл-күйіңіз бірден жақсарып шыға келеді!
Ақнұр АСЫЛБЕК.
«Ауырмаңыз!» газеті.
(Мақаланы көшіріп басқанда «Ауырмаңыз!» газетінен алынды» деп сілтеме беру міндетті. Авторлық құқық қорғалған!)