Жиі кекіру өлімге әкеп соқтыратын аурудың белгісі болуы мүмкін

Кекіру — қалыпты физиологиялық құбылыс, бірақ жиі кекіру өлімге әкеп соқтыруы мүмкін ауыр аурулардың белгісі болуы мүмкін. Бұл туралы америкалық дәрігер Канал Суд айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Маманның сөзінше, оның жиі кекіретін әріптесінен ішек қатерлі ісігінің ауыр кезеңі анықталған.

Флоридалық медбике медициналық талдау тапсырғаннан кейін тоқ ішек қатерлі ісігіне шалдығып, оның тіпті үшінші сатысына дейін асқынып кеткенін білген. Яғни, ісік ішекті бітеп, ас өте алмағандықтан ол кекіре берген.

Медбике күніне 5-10 рет кекірген. Ол өзінің жиі кекіретінін 2021 жылы байқағанымен, елемей жүре берген, бір жылдан кейін тексерілгенде оның салдарын түсінген.

Айта кетейік, бұған дейін кекіріктен қалай құтылуға болатыны хабарланған еді.

• 1 стақан суға 2 шай қасық алма сіркесуын құйып, тамақтанғанда бр жұтымнан ішеді. 7-10 күнде нәтижесін береді.

• 100 гр мүкжидек (клюква) шырынына 100 гр алоэ шырыны, 1 шай қасық бал қосып, 200 мл қайнаған суға араластырады. Мұны 1 апта бойы күніне 3 рет 1 қасықтан ішіп отырады. Емді 1 айдан соң қайта жалғастырады.

• Ешкі сүтін күніне 3 рет жарты литрден ішіп отыру қажет. 3 айдан соң кекіріктен мүлдем құтыласыз. Кейде бұл мезгілден де ерте шипасы болуы мүмкін. Бұл ем түрі ең үлкен деген кекіріктің өзін жазады және қайталанбайды.

• Егер кекірік асқазан дертінен пайда болатын болса, тамақтан соң суға сода немесе магнезиядан шай қасықтың ¼ бөлігін қосып ішеді.

Тағы да оқи отырыңыздар: Сары түсті заттарды неліктен сыйлауға болмайды?

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә