Жiгiттiң падишасы — Әмір Темір Көреген бабамыздың дана сөздері

✍️ Әлдебір іске қол ұрмақ алдын кеңес сұрап алған соң, Құран Кәрім аштырып hәм Құран hүкімі бойынша іс қылар едім…

✍️ Жау әскерін қолыңның көптігімен, атты әскеріңнің күшімен жеңе алмайсың !!!
Бәлкім, жеңімпаз болмақ Аллаhy Тағаланың медетімен hәм бәндесінің (пендесінің) ықтиятымен шығар…

✍️ Жүз мың атты әскер болдыра алмаған істі бір тура кісі ғамалға асыруы мүмкін…

✍️ Құдай біреу, оның серігі жоқ !!!
Ендеше, Аллаhy Тағаланың мұқадес мүлкі — жер жүзіне иелік ететін кісі де біреу болмағы керек…

✍️ Егер, жер мен көкте екі Құдай болса, онда жаhанның шырқы бұзылады…

✍️ Бір күндік әділет жүз күндік тағат — ғибадаттан абзалырақ…