ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУ ҮШІН ҚАТАЛ ҰСТАНУҒА ҚАЖЕТТІ «АҚЫМАҚ» ӘРЕКЕТТЕР

Басқа адамдар аулақ жүретін, қашқалақтайтын, өзіңді қорқытатын қиын істерді жасай алсаң, онда сен басқалардан ерекшеленесің.
Жалпы қарапайым ғана адамдар қалай жетістікке жетеді? Ақшасы бар, бай, ақылды және кәсібі, билігі бар адамдардың күш-қуаты жетпеген нәрселерді жасауға оның батылығы жеткендіктен ол табысты қолына уыстап ұстай алған деген сөз. Ол түрлі сөзге қалса да, орындалмайды деп түсінетін, әбден белгілі болған «сәтсіздік» ұғымдарына қарсы шығып, жеңіске жете алады.
Төменде ұсынған кейбір кеңестер «ақымақтау» болып көрінуі мүмкін, бірақ бұл «ақымақтық» әрекеттер қиындықтарды жеңудің тағы бір тәсілі бола алады екен.
-Қоңырау шалуға қорқатын адамыңызға алдымен қоңырау шалуың КЕРЕК
-Өзің қалаған уақыттан да ерте тұруың КЕРЕК
— Алғаныңнан бергенің көп болуы КЕРЕК
-Басқалардан көрген қамқорлығыңнан да сенің басқаларға қамқор болып, көңіл бөлуің көбірек болуы КЕРЕК
-Күш-қуатың таусылса да, күресе білуің КЕРЕК
-Мұқият болу қажет болса да, көріп алуың КЕРЕК
— Артыңнан ілесетін адам болмаса да, басшы бола білуің КЕРЕК
-Басқа адамдар олай жасамаса да, сен өзіңе инвестиция жасай білуің КЕРЕК
-Өзіңнің сұрақтарыңа өзің жауап бере алмаған кезде, өзіңді ақымақ етіп көрсетуің КЕРЕК
-Қандай себеп болмасын, нәтижеге жетуің КЕРЕК
-Басқалардың пікірлерін қабылдаған кезде де, өз ойыңды да түсіндіріп барып келісімге келу КЕРЕК
-Қателік жіберуді, ақымақ болып көрінуді өзіңе рұқсат ету КЕРЕК
— Көру, білу, қателесу, қайта қарауды үнемі жасай беру КЕРЕК
-Тыныс алу қиын болып тұрса да, жылдам жүгіруің КЕРЕК
-Өзіңе қатал қатынасатын адамдарға да жақсылық жасау КЕРЕК
-Өзің де елестете алмайтын қысқа мерзімде ойыңа да келмейтін нәтижеге жетуің КЕРЕК
-Өзіңнің іс-әрекеттерің үшін жауапкершілікті көтере білуің КЕРЕК
-Өз бағытың бойынша, алдыңдағы кедергілерді елемей әрі қарай іс-әрекетіңді жалғастыра беруің КЕРЕК;
Қиындықтан қашпай онымен батыл кездесе біл. Сонда сен өзіңнің керемет керемет адам екеніңді білесің.