Жеті атаңды,тегіңді білесіңбе?

Баба – арғы ата, үлкен ата
Ата – әкесінің әкесі, бергі ата
Әже – әкені. шешесі, үлкен әже
Әке – өзінің туған әкесі
Ана – өзінің туған шешесі
Аға – өзінен үлкен ер бала
Aпа – өзінен үлкен қыз бала
Қарындас – өзінен кіші қыз бала
Іні – өзінен кіші ер бала
Сіңлі – aпадан кейінгі қыз бала
Ағайын – бауырлас, аталас адамдар
Нағашы – шешесінің туыстары
Қайын жұрт – әйелінің немесе күйеуінің туыстары
Жеңге – ағаның әйелі
Жезде — апасының күйеуі
Келін – інісінің әйелі
Күйеу бала – сіңлінің күйеуі
Жиен – ападан не қарындастан туған бала
Жиеншар – жиеннен туған бала
Бөле – шешенің апасы не сіңлісінің ұл-қыздары
Балдыз – әйелінің інісі не сіңлісі
Бажа – әйелінің әпкесінің не сіңлісінің күйеуі
Абысын – қайын ағасының әйелі
Ажын – қайын інісінің әйелі
Құда – күйеу мен қалыңдықтың аталары мен әкелері, аға-інілері мен туған-туысқандары
Құдағи – қарама-қарсы жақтың әжелері, шешелері, апалары
Құдаша – қарама-қарсы жақтың сіңлілері
Құрсақ құда қалып қойыпты, екі дос әйелдері аяғы ауыр кезде келісіп қояды бірінікі ұл бірінікі қыз болса екеуміз құда боламыз деп кейін солай болып жатса, келісілгендей бір-біріне құда болады, осыны құрсақ құда деп атайды. Үйленбей тұрыпта жан достар арасында бұндай құдалар болыпты.
Бел құда – туылмаған (белдегі) балаға ниет қылысқан
құдалар
Бесік құда – бала туылған кезден ниеттескен құдалар
Қарсы құда – екі құда бір-бірінен қыз алысуы
Бас құда – бір-бірімен қыз алысып, қыз беріскен қат-қабат құдалар
Жанама құда – екі жақты сөзін сөйлер құдалар (Бас құданың жанына еріп келген жора-жолдастары)
Бауыздау құда – мал бауыздағанда бата берген құда
Немере – ата-ананың ұлынан туған бала
Шөбере – немереден туған бала
Шөпшек – шөбереден туған бала
Немене – шөпшектен туған бала
Туажат – неменеден туған бала
Жүрежат – туажаттан туған бала
Жегжат – жүрежаттан туған бала
Дұрыс екен.
Қалып қойған екі атау бар екен соны қосайық.
ЕНЕ- келіннің,күйеу баланың шешелері,сол рудың шеше мен әкемен қарайлас, не әкеден үлкен ағаларының әйелдері. Үлкен ене-әкелерінің шешесі.
ҚАЙЫН СІҢЛІ- келіннің күйеуінің қарындастары,яғни сол рудың күйеуінен кіші қыздары,мейлі сәби болсын.
ҚҰДАША -құдандалы екі жақтың келін мен күйеуден үлкен болсын,кіші болсын барлық қыздары(апа,сіңлі,қарындас),мейлі ол 80 дегі кемпір болсын құдаша аталады.
СІҢЛІ -үлкен қыздар апа болса,одан кейінгі кіші қыздар бір-біріне сіңлі болады,бұл тек қыздарға қатысты атау.
КҮЙЕУ -бір рудың қызын алған жігіт сол елдің өзінен үлкендерінің бәріне «күйеу» болады,кішілеріне «жезде» болады.
Қайнаға(Қайын аға , келіннің күйеуінің ағасы күйеубалаға) Қайын ата
қайнысы,
қайын сіңіліні
білуі керек жастар.
Өкіл әке, өкіл шеше де туған әке-шешеден кем болмауы керек. Міне қазақтың ағайын, туған-туыстық атаулары.

elana.kz