ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ АЗИЯ ЖӘНЕ ӘЛЕМ БІРІНШІЛІГІНЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ

Бүгін таэквондо спортынан ұлттық құраманың белді мүшесі, ҚР біріншілігінің бірнеше дүркін жеңімпазы, Азия чемпионатының қол жүлдегері Нұрасыл Қуандық пен бірқатар халықаралық турнирлердің жеңімпазы Ермахан Тлеуқұловты жеке қабылдап, алдағы жарыстарына сәттілік тіледім.
Шығыс жекпе-жегінің шебері атанған Нұрасыл ауданымызбен қатар, еліміздің де намысын абыроймен қорғап жүр. Ол ағымдағы жылдың тамыз айында Моңғолияда өтетін Азия біріншілігінде бақ сынайтын болса, қазан айында Болгариядағы Әлем біріншілігінде ел намысын қорғамақ.
Кездесу барысында қос спортшының жеке бапкері Марат Тілеуқұлов ауданымыздағы спорт саласына қатысты бірқатар ұсыныстарын жеткізді. Ұсыныстар назарға алынып, алдағы жұмыс жоспарына енгізілетін болады.
Сәкен Арубаев,Шу ауданының әкімі