«Жергілікті тұрғындар жұмысқа көптеп тартылып, отандық өнімдер молырақ пайдаланылсын»

 

Облыс әкімі Алтай Көлгінов жұмыс тобымен бірге өңіріміздегі барлық аудандарды аралап шықты. Ондағы мақсаты — аудандардағы әлеуметтік сала нысандары мен жеке кәсіпорындар құрылысы, жол және су нысандарына жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысу. %d0%ba%d1%83%d0%bb%d0%b3%d0%b8%d0%bd%d0%be%d0%b2-%d0%b0%d1%83%d0%b4%d0%b0%d0%bd%d0%b4%d0%b0%d1%80%d0%b4%d0%b0

Жұмыс тобының құрамында облыс әкімдігінің қызметкерлері мен жергілікті депутаттар, аудан әкімдігі мен сала басшылары болды.

    Іссапар барысында өңір басшысы аудандардағы әлеуметтік сала нысандары мен жеке кәсіпорындар құрылысы, жол және су нысандарына жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Жүрген жерінде халықпен жүздесіп, олардың өтініш-пікірлеріне құлақ салды. Аудандардың бірінде мектепті, мәдениет үйін жаңғырту керек болса, енді бірінде тұрғындар бұлаққа бөгет жасап, дамбыны жөндетіп беруді өтінді.%d0%b0%d0%ba%d0%b8%d0%bc-%d0%ba%d0%b0%d1%80%d0%b0%d1%82%d0%be%d0%b1%d0%b5

-Елбасымыздың тапсырмасы бойынша өңірлерді дамыту бағдарламасының, соның ішінде «Нұрлы жер», «Нұрлы жол» бағдарламаларының жүзеге асырылуын қадағалау мақсатында аудан-ауылдарға іссапар ұйымдастырудамыз. Бұл жолы біз басты назарды жол құрылысына, ауызсу мәселесіне, инфрақұрылымды жаңғыртуға және әлеуметтік нысандарды жөндеу жұмысына аудардық. Жол мәселесі біздің өңірімізде ең өзекті мәселеге айналып отыр. Биыл біздің өңірімізге жол құрылысы үшін 36,6 млрд. теңге бөлінді. Осы қаражатқа 480 шақырымға жуық жол жөнделмек. Осының 200 шақырымы  республикалық маңызы бар жолдарқалғандары «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша «Орал-Тасқала-РФ шекарасы» автожолы қайта жаңғыртылуда. Оның ұзындығы 104 шақырымды құрайды, осы жолдың 86 шақырымы биыл бітеді. Биылғы жұмысқа республикалық бюджеттен 9 млрд. 300 млн. теңге қаражат бөлінді, қазіргі уақытта жұмыс қарқыны жақсы жүруде. Барлық аудандарда жұмыс жоспарға сәйкес жүруде. Белгіленген әлеуметтік нысандар жөнделіп, жаңа ғимараттар бой көтеруде. Қай ауданда да кәсіпкерлер, жастар, ардагерлермен сөйлесіп, көп жағдайға қанықтық. Іс барысы қалыпты. Барлық жерде елді мекендерді жол, су, газбен қамту мақсатында жұмыс жүріп жатыр. «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша Ақжайық, Сырым аудандары газ және сумен толық қамтылды. Әлі де шешімін табар жұмыс көп.

Жалпы, өңіріміз бойынша елді мекендердің таза ауызсумен қамтылу деңгейі бүгінгі таңда 36 пайызды құрайды. Бұл салыстырмалы түрде, әрине, төмен. Биыл 55 елді мекенді таза ауызсумен қамтысақ, бұл жөнінен 43 пайызға жақындаймыз. 35 елді мекенді газбен қамту жоспарлануда. «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша сегіз ауданда 240 пәтер салынады. Облыс орталығында 11 қабатты көп қабатты тұрғын үйлер тұрғызылмақ. Облыс орталығындағы және Ақсай қаласындағы көп қабатты тұрғын үйлердің құрылысына 11 миллиард теңге бөлініп отыр. Бұл үйлер тұрғын үйлерге аса мұқтаж адамдарға беріледі. Сондай-ақ, аудандарда тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін кезекте тұрған адамдарға 3252 жер телімі кезекте тұрғандарға беріледі, -деді іссапар жұмысын қорытындылаған өңір басшысы.

Іссапар барысында болған кездесулерде Алтай Сейдірұлы жұртшылыққа Елбасы Жолдауындағы  рухани жаңғыру, туған жерге жанашырлық ұғымының маңызын түсіндіріп, кәсіпкерлерге жергілікті тұрғындарды жұмысқа тартуды және өз қызметтерінде отандық өнімдерді көптеп қолдануды тапсырды.

Айша ӨТЕБӘЛІ,

Батыс Қазақстан облысы