Жеңіс Қасымбек мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтады

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек кәсіби мереке қарсаңында мұғалімдермен кездесті. Өңір басшысы білім беруді дамытуға қосқан үлесі мен жоғары жетістіктері үшін үздік педагогтарды марапаттады.

 

 

Жеңіс Қасымбек «Қарағанды облысының білім беру саласының құрметті педагогы» төсбелгісін табыс етті. Өткен жылы мұғалімдер еңбегінің беделін арттыру үшін облыстық ерекшелік белгісі құрылған болатын. Оған миллион теңге мөлшеріндегі ақшалай сыйақы қоса беріледі.

 

 

Осы жылы Үздік белгіге бес педагог ие болды: Шет ауданы Жамбыл Ақылбаев атындағы мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Гүлжан Әлібаева; Абай ауданының білім бөлімінің №14 мектеп-лицейінің директоры Натаван Абушова; облыстық «Дарын» мамандандырылған мектеп-интернатының директоры Ләззат Темірханова; Абай Құнанбаев атындағы Саран Жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің директоры Владимир Закамолкин, химия пәнінің мұғалімі; Қарағанды қаласы Мағжан Жұмабаев атындағы гимназияның орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Назира Құсайынова.

 

 

Кездесуде «Үздік педагог» республикалық байқауының облыстық кезеңінің 14 жеңімпазы марапатталды.

 

Жомарт Шаймұарт