Желтоқсан қаһармандарына құрмет

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының 38 жылдығына орай Әлем кәсіби білім беру колледжінде «Желтоқсан батырлары » атты кеш өтті. Жиынға     Жамбыл облысы «Желтоқсан – 86»  қоғамдық бірлестігі төраға орынбасары Исмаил Хаджимуратов, Желтоқсаншылар: Иманкулова Света Удербайқызы, Таңсықбаева Ақсұлу ҚазтайқызыИдрисова Дариға Түймебайқызы қатысып, студенттерге  өз естеліктерімен бөлісті.

Тағылымды іс-шараны колледж директоры Сопбеков Жеңіс Сабырұлы ашып,  кешке жиналғандарға өз  құттықтауын жеткізді.

 

Кездесуде «Желтоқсан – 86» қоғамдық бірлестігі төраға орынбасары  Исмаил Хаджимуратов және өзге де Желтоқсан оқиғасына қатысушылар сөз сөйледі.

– Қазаққа Тәуелсіздік оңайлықпен келген жоқ. Біз оған ызғарлы Желтоқсанда кеңестік қызыл империя бодандығына қарсы бұлқынған намысшыл қазақ жастарының арқасында қол жеткіздік. Қазақстанның еркіндігі мен бостандығы жолында бастарын бәйгеге тіккен Желтоқсан оқиғасының қатысушыларының ерліктері уақыт өткен сайын жадымызда жаңғыратын болады, – деп атап өтті сөз алғандар.

Шараның екінші бөлімі колледждің   белсенді әрі өнерлі  студенттері  дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты.

Атап айтқанда, концерт барысында  «Туған жер » , «Желтоқсан желі», «Ризамын» әндері орындалып,  Қайрат рысқұлбеков жайындағы көрініспен жалғасын тапты.

 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының 38 жылдығына орай Әлем кәсіби білім беру колледжінде «Желтоқсан батырлары » атты кеш өтті. Жиынға кеңестік империяның іргесін шайқалтқан қазақ жастарының толқуына қатысушылар қатысып, студенттерге естеліктерімен бөлісті.

Тағылымды іс-шараны Университеттің Стратегиялық даму және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры Жанар Рысбекова ашып, оқу орнының Басқарма төрағасы – Ректор Гүлмира Қанайдың кешке жиналғандарға жолдаған құттықтауын жеткізді.