Жазасын өтеушілерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №59 мекемесінің сотталғандар арасында тәрбие жұмыстары бөлімінің бастығы әділет майоры Мұқағали Құрманқұл және аталған мекеменің арнайы есеп бөлімінің бастығы әділет майоры Айжан Мамралиева жазасын өтеп жатқан сотталған азаматтарға, жыл басында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестердің, прекурсорлардың және күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қол қойылған заңдарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.