Жазасын өтеушілер арасында психологиялық тренинг өтті
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 мекемесінде мекеме психологтарының ұйымдастыруымен “Жанжал. Жанжалдың шешу жолдары” тақырыбында іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты-сотталғандар арасында жанжалдың алдын алу, ұрыс-керісті азайту, сонымен қатар, оң және құнды өмірлік көзқарастарын қалыптастыру. Сотталғандарға әлеуметтік бейне роликтер көрсетіліп, лекция, тренинг жаттығулар жүргізілді.
Шара соңында сала мамандары тарапынан сотталған азаматтарға психологиялық кеңестер беріліп, сотталған азаматтар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып,жауаптарын алды.
Мұндай іс-шаралар аталған мекемеде жиі өткізіліп тұрады және алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.