ЖАЗ ДИДАРЛЫ – ЖАЗ АТА

Бүгін екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, даңқты шопан, малшылардың маршалы атанған Жазылбек Қуанышбаевтың 127 жылдығына байланысты аудан орталығындағы «Жаз ата саябағында» орналасқан Жазатаның еңселі ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Оған Жазатаның көзін көрген, бірге қызметтес болған еңбек ардагерлерімен ауыл тұрғындары қатысты.

Гүл шоқтары қойылған соң Мойынқұм ауданының бас имамы Ұзақбай Бадықов Жазатаға және арамыздан кеткен еңбек ардагерлерінің рухтарына арнап, құран бағыштады.
Бұдан кейін аудан әкімі Әлихан Балқыбеков, Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық Евразиялық акдемиясының академигі Абу Мұхамедов, ауданның Құрметті азаматы, Мәдениет қайраткері, өлкетанушы Мақсат Сейдалиевтер аты аңызға айналған даңқты шопан Жазылбек Қуанышбаевтың еселі еңбектері жөнінде айтып, келген қонақтарды Жазатаның 127 жылдық туған күнімен құттықтады.
Содан соң аудандық мәдениет үйінде Жазылбек Қуанышбаевтың 127 жылдығына арналған «Қазақтың қара шалы» деректі фильмі көрсетіліп, «Жаз дидарлы- Жаз ата» аудандық жазба ақындар мүшайрасы өткізілді. Ал аудандық спорт мектебінде 2009-2011 жылы туылған жасөспірімдер арасында қазақ күресінен ауданының ашық турнирі өтті.

Мойынқұм ауданы әкімдігі