ЖАСТАРДЫ ШАҒЫН НЕСИЕЛЕУ

Микрокредит 21 жастан 35 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған.
Өтініш берген сәтте жастардың жеке кәсіпкер ретінде тіркелген уақыты 5 жылдан аспауы тиіс. Жас кәсіпкерлер 5 миллион теңгеге дейін жылдық 2,5% номиналды сыйақы мөлшерлемесі бойынша 5 жылға дейін кредит ала алады.
Негізгі борыш пен сыйақыны өтеу кезінде шағын несие мерзімінің үштен біріне дейін жеңілдік кезең қарастырылған. Аталған микрокредит кепіл мүлікпен қамтылуы міндетті. Кепіл ретінде жылжымалы (арнайы техника) және жылжымайтын мүлік қабылданады.
Кепіл мүлік болмаған жағдайда Кепіл берушіні тартуға құқығы бар (ата-аналарын, туыстарын және т.б.) Жастарға микрокредит беру туралы шешімді конкурстық комиссия қабылдайды.

Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі