«Жастар жылы»  — жуалылық жастарға берілген мол мүмкіндік

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті -Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan»  партиясының жанынан құрылған «Жас Отан» жастар қанатының кезекті съезінде сөйлеген сөзінде: «Жас Отан» — болашақ саясаткерлер үшін мектеп. «Жас Отан» жастар қанаты өте қажет. Бұл ұйымда сіздер өмір сүруге, сөйлесе білуге, бір-біріңмен араласуға үйренесіздер. Іс жүзінде өздеріңізді түрлі жағдайлардағы өмірге дайындайсыздар. Сондықтан жастар ұйымдарындағы белсенді жұмыс сіздердің өмірлеріңізде пайдаға асады» деген болатын.

Елбасы әрқашан жастарды өзінің ауқымды жобаларынан тыс қалдырған емес. Әрдайым жастарға қолдау көрсетіп, барынша  көмек қолын созуда. Еліміздің экономикасының дамуында, халықтың  әлеуметтік жағдайының  артуында жастардың қосқан үлесі де баршылық. Мемлекетіміздің жарқын болашағы – жастардың қолында. Жастар – қоғамның қозғаушы күші, қашанда жасампаз істердің жаршысы. Жас буын тәуелсіз еліміздің алдағы уақытта да өсіп-өркендеуінен де, қоғамнан да тыс қалмайды.

«Nur Otan» партиясы Жуалы аудандық филиалының жанынан құрылған «Жас Отан» жастар қанатының алар орны ерекше. Өңіріміздің жастарын бір арнаға тоғыстырып, саламатты өмір салтын қалыптастыруда аянбай еңбек етуде.

Біздің Отанымыз дамудың жаңа кезеңіне аяқ басты. Еліміздің алдында ауқымды жаңғырту міндеттері тұр. Жастар елдің жаңа бет-бейнесін жасап, жаңа  идеяларды ұсынуға және Қазақстанды жаңартудың негізгі қозғаушы күші болуға тиіс. Кезінде Елбасының өзі бүкіл елдегі жастар қозғалысының күшті ядросы ретінде «Жас Отан» Жастар қанатын құруға бастама жасаған болатын. Міне, осыдан бері «Жас Отан» Жастар қанаты Елбасының жарқын да салиқалы саясатын қолдаушы және іске асырушы бірегей ұйым болып табылады.

Жаңа бастамаларды іске асыру, тарихи орындарына экскурсия жасау, адрестік жұмыстар жүргізу, жұмыссыз жүрген жастарды анықтау мақсатында және жастарға арналған бағдарламалар арқылы көмек беру сынды жұмыстар атқарудамыз. «Ауданымыз таза!» атты тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізіп, әлеуметтік желіде челендж бастау алды.

Биылғы жылды да Жастар жылы деп жариялауы да тектен-тек емес. Жастар жылы – жаңа мүмкіндіктер жылы деп білемін. Қоғамның белсенді мүшелері жастар екендігі сөзсіз. Бүгінде еліміздегі атқарылып жатқан игі істердің ертеңгі мұрагерлері – бүгінгі жастар. Сондықтан болар мемлекетімізде жас буын өкілдерінің лайықты өмір сүруіне барынша жағдай жасалып келеді. Соның тағы бір дәлелі, «Жастар жылының» жариялануы. Бұл жыл – жастарға берілген аса зор мүмкіндік. Бұл жылды алаулатып-жалаулатып өткізуден гөрі жастардың көкейінде жүрген өзекті мәселелері мен ұсыныстары нақты орындалатын жыл деп білем.

«Жастар жылы бізге не береді?» деген ойдан арылып,«Біз жастар жылында қандай мүмкіндіктерді іске асырамыз?» деген ұранмен белсенді  қызмет атқаруға және талантты әрі талапты жастарға қолдау көрсету мен өзекті мәселелерін шешу үшін нәтижелі жұмыс жасаймыз деген үміттемін.

Нұрдәулет ЕРЛАНҰЛЫ,

 «Нұр Отан» партиясы 

Жуалы аудандық филиалы жанындағы  «Жас Отан» ЖҚ

бөлімше басшысы