ЖАСТАР САЛАУАТТЫ ӨМІРДІ ҚОЛДАЙДЫ
Үстіміздегі жылдың 26 қарашасы мен 10 желтоқсан аралығында еліміз бойынша «Зорлық — зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік» республикалық акциясы ауданымызда жалғасын тауып жатыр.
Бүгін аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Абылайхан атындағы мектеп — лицейінде 9 -10 сынып оқушылары арасында волейболдан сайыс өтті. Жарыстың ашылуына аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Ұлбике Сәлімова, аудандық полиция бөлімінің өкілі Айда Шакирова, аудандық білім бөлімінің басшысы Жуаныш Жарықбасов, Жаңатас қаласы әкімі аппаратының әлеуметтік бөлімінің басшысы Гүлнәр Мұсаева, «Отбасы қолдау орталығының» маманы Қанағат Бақкулиева мен комиссия мүшелері қатысты. Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Ұлбике Әлібекқызы құттықтау сөз сөйлеп, тұрмыстық зорлық — зомбылықтың зардаптары туралы айтып, жастарды буллингке қарсы болуға, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Мұнан соң аудандық білім бөлімінің басшысы Жуаныш Қалықбергенұлы да сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Спорттық сайысқа Абылайхан мектеп — лицейі, Абай орта мектебі, Д.Қонаев орта мектебі мен М.Әуезов мектеп — гимназиясының жастары қатысты. Жарыстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер ұйымдастырушылар тарапынан дипломмен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы

