ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІМЕН ЕМЕС, АДАММЕН СӨЙЛЕСКІМ КЕЛЕДІ …

Әкеммен бірге ақша аударуға банкке келіп бір сағатқа жуық уақыт өткенде шыдай алмай кеттім…
— Әке, интернет-банкингіңізді неге қоспайсыз?
— Өйтіп не істемекпін? …
— Ақша аудару үшін банкке келе беруге менің уақытым жоқ, ал сіз онлайн сауда жасай аласыз … Сонда, бәрі оңай болады ғой, әке!
— Онда маған үйден шығудың қажеті жоқ болама?, -деп сұрады.
— Иә, иә… ол түгілі азық-түлік, тамақты да жеткізіп әкеліп береді ғой,- деп оған эмоциямды жасыруға тырыспай түсіндірдім.
Оның жауабы мені мұздатып жіберді…
— Бүгін мен осы банкке келгеннен бері 4 досымды кездестірдім…
Мені жақсы білетін болған банк қызметкерімен де біраз әңгімелестім …
Сен менің жалғыз екенімді білесің…
Бұл адамдар менің достарым…
Мен банкке келу үшін дайындалуды, банкке келуді ұнатамын…
Мен адамдармен бетпе-бет кездескенді ұнатамын, өйткені менде уақыт жеткілікті және мен жүре аламын …
Мен екі жыл бұрын ауырып қалғанда, азық-түлік дүкенінің иесі көңілімді сұрай келіп, төсегімнің қасына отырып, жылап еді …
Егер бәрі онлайн болса, мен бұл «адамгершілік» сезімді қайдан табар едім? …
Неге менің қалағанымның бәрін жеткізіп беріп, мені компьютерге жабыстырып қоюға тырысып отырсың? …
Мен жасанды интеллектімен емес, адаммен сөйлескім келеді …
Қарым-қатынастар осылай қалыптасады…
«Alibaba» немесе «Amazon» оны маған бере ме?
Әкеме жауап беруге сөз таба алмадым…
Технология бұл өмір емес…
Жабдықталмаған адамдармен уақыт өткізе біл …(аудардым)
Амантай Тойшыбайұлы facebook парақшасынан https://www.facebook.com/share/p/19q1MtACWd/