ЖАС МАМАНДАР АРАСЫНДА ШАХМАТТАН АУДАНДЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

🔰 2023 жылдың 17 қараша күні Көктөбе ауылы №30 Көктөбе орта мектебі ғимаратында «Шахмат-ақыл ой спроты» атты жас мамандар арасында шахматтан аудандық турнир өткізілді.
🔰 Ауданның 35 жасқа дейінгі мамандары арасында өткен турнирге Каренов Сұлтанбек төрешілік етті.
🔰 Турнир қорытындысына сәйкес ІІІ орынды Жақыпбаев Ардақ иеленсе, ІІ орынға Еркінбек Нұрғиса жайғасты, ал ақылы мен біліктілігін айқын көрсете білген Сарбаев Нұрболат турнир жеңімпазы атанды.
🔰 Турнирдің жүлделі орын иегерлері мен барлық қатысушыларына ұйымдастырушылар атынан дипломдар мен алғыс хаттар және ынталандыру сыйлықтары табысталды.
🔰 Турнирдің өткізілуіне атсалысқан №30 Көктөбе орта мектебінің ұжымына алғыс білдіреміз!