Жақсы ер мына нәрселерді жасамайды:

Ер азамат – отбасының басшысы әрі қамқоршысы. Әйел адамдардың міндеттері болатыны секілді, ер адамдардың да отбасында атқарар өз жұмыстары бар. Ал жақсы жолдас нендей нәрселерді жасамайды? Ол:
1. Сынамайды. Жақсы күйеу әйел адамның қисық қабырғадан жаратылғанын біледі. Сондықтан да сынап, мінеумен оны сындыруға тырыспайды. Бір хадисте: «Әйел адам қисық қабырғадан жаратылған. Оны түзетемін десең сындырып аласың» — деген (Абу Һурайрадан Муслим риуаят еткен). Әйелді тек ақылмен, мейірімділікпен ғана тәрбиелеу керек. Кемшіл тұстарын айтып, кемсіте бергеннен гөрі, жақсы жағын айтып, мақтап қойсаңыз, әйеліңіз сіз үшін жақсы болуға бар күшін салатын болады.
2. Әйеліне зат секілді қарамайды. Сіздің әйелге қалай қарайтыныңыз адамгершілік қасиетіңізді көрсетеді. Әйеліңіз – өмірлік серігіңіз, балаларыңыздың анасы. Дәл сіз секілді «тірі жан». Бірақ әлдеқайда нәзіктеу, әлсіздеу. Сондықтан жұмсақтық пен назар аударғанды жақсы көреді. Көбірек тілдесіп, сырласуға тырысыңыз. Көбірек көңіл бөліңіз. Көңіл-күйін, не мазалап жүргенін, нені қалайтынын сұраңыз. Осылайша сіз әйеліңізге сүйіспеншілігіңізді білдіріп, оны қуанта аласыз.
3. Кемсітпейді. Әйелге жекіп, кемсітіп не болмаса қорлауға болмайды. Қандай да бір қателік жасап қойса, ашуыңызды ақылға жеңдіре біліңіз. «Сен сияқты әйел кімге керек дейсің?» деген сияқты сөздермен кемсітіп, ар-намысын аяққа таптамаңыз. Жан жарыңыз ретінде, жеке тұлға ретінде сыйлай біліңіз. Аятта: «Жұбайларыңмен жақсы қарым-қатынаста болыңдар» — делінген («Нисә» сүресі, 19-аят). 5. Өзгелермен салыстырмайды. Күйеуі әйеліне: «Әне жұрттың әйелін қарашы, ал сенің жүрісің мынау» деп айтқан бір сөздің өзі әйелдің нәзік жанын жаралайды. Өз-өзіне деген сенімі жоғалып, іштей жеп тынады.