Жақсы əйел мен жаман əйелдің айырмашылығы!

Дінмұхаммед Қонаев атамыз, ел басқарып тұрған шағында, бір шопанның үйіне түседі.
Сонда ол кісі:
«Димеке, қырық жыл ел басқардыңыз, айтыңызшы, осы өмірде жаман əйел мен жақсы əйелдің қандай айырмашылығы болады?» — деп сұраған екен.
Сонда Дінмұхаммед Қонаев қысқаша ғана:
«Жаман əйелдің екі қолында пышақ болады. Бірімен дастархандағы нанды турайды, екіншісімен көрсетпей жаныңды турайды.
Жақсы əйелдің қасиеті — қолында оқтау болады, тілінде тоқтау болады» деп жауап қайырады.