Жания Әубәкірова оқытушылар хорына «Көзімнің қарасы» әнін орындауға кеңес берді

С.Торайғыров атындағы ПМУ-ға Қазақстан Республикасының халық әртісі, әдебиет және өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Жания Әубәкірова келді.  

Пианиношы кешті «Вариации на темы…» кітабының тұсаукесерінен бастап, кітаптың көзіқарақты оқырманның барлығына арналғанын айтты. Бұл шығарма мемуар емес, өмірдің жарқын сәттерін еске алып, музыка мен мамандық туралы әңгіме өрбітуге мүмкіндік беретін туынды болмақ

Музыкант университеттің хорына кәсіби кеңес те берді. Ол репертуарға Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін қосуға кеңес берді.

Сәулет және дизайн кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты ҚР суретшілер одағының мүшесі Сәуле Әбішева университет қонағына ерекше сыйлық — көркемсурет-образды портретті тарту етті.

«Портретте музыкант экспрессивті-романтикалық стильде бейнеленген. Шығарма Жания Әубәкірованың Сергей Рахманиновтың оркестрімен берген концертінен кейін пайда болды», — дейді автор.

 

Тілеуберді Сахаба.