Жаңатас жаңаруда…

Биылғы жылы Елімізде аталып өтіп жатқан Ұлы Ұстаз-Әбу Наср Әл Фарабидің -1150 жылдығы мен адамзаттың асылы, ойшылы-Абай Құнанбайұлының-175 жылдығы құрметіне аудан көлемінде көптеген жұмыстар атқарылып, іс-шаралар ұйымдастырылуда.

 

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаевтың бастамасымен қолға алынған игі істердің бірі әр аудан орталығына кіре беріс жолдың бойына сол ауданның қысқаша мәлімет жазылған стелла орнату тапсырмасы орындалды.

 

Нағыз еңбек пен ынтымақтың көрігін қыздырған кеншілердің шаһары, аудан орталығы — Жаңатас қаласының бүгін құрылған күні.
23 мыңға жуық халқы бар қаламыз күн өткен сайын жасарып, жаңаруда.
51 жылдық тарихы бар екі ширек ғасырды артқа тастап, Тәуелсіздіктің жемісімен көркейіп келе жатқан Жаңатастың бүгін міне көркіне көрік қосылуда.

 

Осыған орай, бүгін ауданның қысқаша мәлімет жазылған стелла ашылды. Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Олжас Көкей, аудандық мәслихат хатшысы Сағындық Бегеев құттықтау сөз сөйлеп, ауданның Құрметті азаматы Өмірзақ Сержанов ақбатасын беріп, алқызыл лента салтанатты түрде қиылды.

 

Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы.