Жаңаталап ауылында атшабар кешені ашылды

«Жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар»

Бүгін «Жомарт түлек» және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Сарысу ауданы Жаңаталап ауылдық округі, Жаңаталап ауылында атшабар кешені салтанатты түрде ашылды.

Жаңаталап ауылының тұрғыны, Соғыс және Еңбек ардагері Сұлтанбек Әлтішұлының 110 жылдығына орай ұлттық ат спорты түрінен «Тай»,«Аламан» бәйге өтуде.

Салтанатты шараның ашылуында аудан әкімі М.Сұлтанғалиев жиналған тұрғындар мен шабандоздарды құттықтап, дүбірлі додаға сәттілік тіледі.