Жанат Жақиянов өзінің бокс қолғабын әкімге сыйлады

Облыстық әкімдікте Солтүстік Қазақстан облысы әкімі кәсіпқой боксшылар арасында WBA (Super) мен  IBO тұжырымдамасы бойынша әлем чемпионы  атанған Жанат Жақияновпен кездесті деп хабарлайды аймақ әкімдігінің баспасөз қызметі.

         «Жерлесіміздің жеңісі  Қазақстанның  кәсіпқой рингте титулдар бойынша әлемнің  үздік 5 елі қатарына кіруге  мүмкіндік берді.  Шынымен де әлемдік спорт аренасындаеліміздің беделін  арттыруда Жанат  үлкен үлес қосты, Жанаттың көрсеткен жетістіктері өсіп келе жатқан жеткіншектер үшін айқын мысал болып отыр», — деді Ерік Сұлтанов.

dsc_2777

         Сондай-ақ, кездесуде чемпионды жеңісімен спорт ардагерлері Жамбыл Тасменов пен Александр Мерк құттықтады.

         Жоғары спорттық көрсеткiштерi үшін, сондай-ақ, кәсіпқой боксшылар арасында WBA (Super) мен  IBO тұжырымдамасы бойынша әлем чемпионы  атанған Жанат Жақиянов қаржылай сыйақымен марапатталды. Өз кезегінде Жанат Жақиянов облыс әкіміне алғысын айтып, 11 ақпан күні Толедо қаласында Роуши Уорренмен бокстасқан  жекпе-жектегі  қолғабын сыйлады.