Жаңа демалыс орындары пайда болды
Алматы қаласының Түрксіб ауданында Қарасу өзенінің арнасын абаттандыру және Таштитов көшесінде жаңа демалыс аймағының құрылысы аяқталды.
Қала әкімдігінен мәлім еткендей, бұрын бұл учаске қараусыз қалған болатын. «Халыққа қатысатын бюджет» бағдарламасының арқасында жаңа қоғамдық кеңістік құрылды. Жоба бойынша су тасқынының алдын алу мақсатында еңісті нығайту үшін габион конструкцияларын жайластыру, тұрғындардың қауіпсіздігі үшін өзен арнасы бойында қоршаулар, көше жарықтандыру желілері және ұзындығы 400 метр серуендеу аймағын орнату бойынша кешенді жұмыстар жүргізілді.
Тұрғындардың бос уақыттарын жайлы өткізулері үшін балалар мен спорт алаңдары, жаяу жүргіншілер аллеясы бойындағы орындықтар мен қоқыс жәшіктер қойылды. Газондар автожуу қондырғысымен көгалдар суарылды.
Тағы бір бос учаске Красногороская көшесіндегі Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері Әскери институтының жанында орналасқан. Енді мұнда ұзындығы 300 метр болатын жаңа серуендеу аймағы пайда болды. Құрылған нысандар «Халыққа қатысатын бюджет» аясында тұрғындар қолдаған 52 жобаның бірі болды. Биыл аталған бағдарламаға бөлінетін қаржы 2 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды.