Жамбылда  Қоныс той көбейіп келеді

Қазақта «Баспана – бақыт шамы» деп бекер айтылмаған. Еліміздің Конституция және Білім күні мерекелеріне орай облыс бойынша 800-ге жуық пәтерді құрайтын 11 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Оның 9-ы Тараз қаласында, 2-і Жамбыл Және Талас аудандарына тиесілі.