Жамбылда 18234 адам тұрақты жұмысқа қабылданды

2022 жылдың 1 тамызына дейін жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 35245 адам тартылды. Оның ішінде бос жұмыс орындарына 18234 адам, онлайн оқытуға 823 адам, алғашқы жұмыс орындарына 94 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 1114 адам, жастар практикасына 1123 түлек жолданып, ақылы қоғамдық жұмыстарға 7302 жұмыссыз жөнелтілді. «Күміс жас» жобасына 128 адам, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасына 5 адам жолданса, мемлекеттік грантты 166 адам жеңіп алды. Есепті мерзімде 28000 адам жұмысқа орналастырылса, оның 18234 тұрақты жұмысқа қабылданды .

Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы