Жамбылда 11 жылжымалы медициналық кешен бар

Облыс бойынша барлығы 11 жылжымалы медициналық кешен бар (3 – КАМАЗ, 8 – автобустық мамандандырылған көліктер).
2023 жылы барлығы 265 елді мекенді қамту жоспарланса (2022 жылы – 322), 2023 жылдың 3 айында қамтылған елді мекендер саны – 72 (2022 жылдың 3 айында – 102).
2023 жылы 96 239 адамды (2022 жылы –239 269) медициналық тексерумен қамту жоспарланып, 2023 жылдың 3 айында 29 309 адам қамтылды, оның ішінде 7 036 бала (2022 жылы – 71 274, оның ішінде 17 953 бала).
7 273 диагностикалық зерттеулер, 1434 зертханалық тексеру, 40540 бейінді мамандардың консультациясы көрсетілді, (2022 жылдың 3 айы – 16 766 диагностикалық зерттеулер, 4 913 зертханалық тексеру, 76 421 бейінді мамандардың консультациясы көрсетілді).
Тұрғындарды қарау барысында 1 697 науқас анықталды (2022 жылы – 1 551). Оның ішінде:
— Қанайналым жүйесінің аурулары (ҚЖА) – 281 (2022ж – 113);
— Сүт безі обыры (СБО) – 0 (2022ж – 0);
— Қант диабеті (ҚД) – 31 (2022ж – 11);
— Глаукома – 7 (2022ж – 19);
— Балалар ауруы – 391 (2022ж – 313);
— Басқа да аурулар – 987 (2022ж – 1 095);
Анықталған 1 697 науқастың 370-і (2022ж – 800) МСАК ұйымына есепке алынды, оның ішінде 52-сі бала (2022ж – 150).

Жанар Оспанова, Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы