Жамбыл және Жаңатұрмыс ауылдарында балалар ойын алаңшасы ашылды

Мемлекеттік бағдарлама негізінде жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыға Жамбыл және Жаңатұрмыс ауылдарында балалар ойын алаңшасы ашылды.
Ойын алаңында балаларға арналып әткеншектер, сырғанақ, өрмелеуіш, төбесі жабылған ойын құрылғылары орнатылған. Ойын алаңы түрлі-түсті сырлармен әсемдеп, безендіріліп, балалар ойнайтын алаңға құм төгілген.
Ел игілігіне қолданысқа берілген ойын алаңшасы ауыл балаларының салауатты өмір салтын ұстануына септігін тигізері сөзсіз.

Қордай ауданының әкімдігі