Жамбыл облысының 85 жылдығы
Өңірдің өшпес өнегелі өркениеті мен мәдениетін өскелең ұрпаққа насихаттап, ұлттық құндылықтарды ұлықтау мақсатын көздеген жыл сайын дәстүрлі түрде облыс көлемінде өткізілетін мәдениет күні бүгін біздің ауданнан бастау алды.
Жамбыл облысының 85 жылдығы аясында өткізіліп отырған “Мәдениет — асыл қазынам” атты мерекелік іс-шараға Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы Лесбек Ілебаев, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актер Бақытжан Әлпейісов пен танымал актерлар Жалғас Толғанбай мен Жандарбек Садырбаев, сонымен қатар ауданымыздан шыққан өзге де өнер жұлдыздары қатысты.
Аудан орталығындағы демалыс-сауықтыру саябағында өткізілген шарада ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі, спорттық ойындар, сонымен қатар, салт-дәстүрлер бейнеленген көріністер мен тақырыптық көрмелер көпшілік назарына ұсынылып, мәдени шара концерттік бағдарламаға ұласты.
🎼Туған жерге арнайы келген Гулнұр Өмірбаева, Досымжан Таңатаров, «Жігер» тобы сынды елімізге белгілі өнер майталмандары мен аудан өнерпаздары әсем әндерімен дүйім жұртқа тамаша көңіл-күй сыйлады.