Жамбыл облысында полицейлер 26 қару мен 400-ден астам патрон тапты

Ағымдағы жылдың 14-22 наурызы аралығында Жамбыл облысының аумағында 26 қару, 400-ден астам түрлі калибрлі патрон мен арнайы құралдар табылып, тәркіленді.

Олардың ішінде Калашников автоматтары, карабин, мылтық, травматикалық тапанша, револьвер, Макаров және Кольт тапаншалары, ойық   және тегіс ұңғылы мылтықтар бар.

Сондай-ақ, полиция қызметкерлері 7,62 мм, 9 мм калибрлі және травматикалық патрондар, қорғаныс жилеті, каскалар және дүрбі тәркіледі.

Табылған қару-жарақтарға сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды.

Жамбыл облысының Полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орналасқан жері туралы хабарлаған немесе оларды полицияға өз еркімен тапсырған адамның, егер басқа құқық бұзушылықтарға қатысы болмаса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын ескертеді.

Анонимділікке кепілдік беріледі.