Жамбыл облысында мал шаруашылығының дамуы

2023 жылғы қаңтар-наурыз айындағы Жамбыл облысында мал шаруашылығының дамуы туралы
2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша ауыл шаруашылығы өндірушілерінің барлық санатында ірі қара мал басы 0,4%-ға, қой мен ешкі 3,5%-ға, жылқы саны 6,6%-ға ұлғайды. Шошқа саны – 22,4%-ға, құс 7%-ға кеміді.
Мал басы негізінен дара кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарында шоғырланған: түйе саны – 67,5%, жылқы – 51,3%, қой мен ешкі – 54%. Ірі қара мал саны – 52,1%, шошқа – 71,3% халық шаруашылықтарында шоғырланған. Құс саны ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында шоғырланған (жалпы санынан 49,5%).
2022 жылғы қаңтар-наурыз бен салыстырғанда еттің барлық түрінің тірідей салмақтағы өндірісі 4,5%, сойыс салмағы 7,3% көбейді. Сүт 1,5%-ға көп сауылды, ал жұмыртқа керісінше 9,4%-ға кеміді.

Жамбыл облысы бойынша статистика департаменті