Жамбыл облысында 3 744 азаматқа тегін заң көмегі көрсетілген

Спикер Нұрғали Есіркепұлының сөзінше, Жамбыл облысы Әділет департаментімен 2022 жылдың І-ші жартыжылдығында біршама маңызды жұмыстар атқарылып, жоспарланған стратегиялық индикаторларға қол жеткізілген.
Атап айтқанда, Жамбыл облысында адвокаттар санының тұрақты өсу динамикасын көрсетуде. Қазіргі кезде адвокатардың саны 242-і. Барлық аудандар 100 % адвокаттық қызметпен қамтамасыз етілген.
✅ Жаңашылдықтың бірі 2022 жылдың 20 маусымында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданған. Аталған Заң мемлекет кепілдік берген заң көмегіне құқығы бар тұлғалардың және осындай көмекті көрсететін субъектілер тізімін кеңейтуге бағытталған.
Мемлекет кепілдік берген заң көмегін өз құзіреті шегінде мемлекеттік органдар, адвокаттар, нотариустар және жеке сот орындаушыларымен көрсетілетін болса толықтыруларға сәйкес мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсететін субъектілер тізімі заң консультанттарымен толыққан.
©️©️©️
Әділет департаменті 151 адвокаттармен тегін заң көмегін көрсету туралы келісім жасаған. Есепті кезенде 3 744 азаматқа тегін заң көмегі көрсетілген.
2022 жылға қаржыландыру жоспары бойынша тегін заң көмегін көрсетуге республикалық бюджеттен облысқа 157 млн. теңгеден астам қаражат бөлініпті.
Қазіргі таңда, Жамбыл облысы заң консультантары палатасы — 215 мүшеден тұрады.

Жамбыл облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі