ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 18 қаңтарында Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті мәжілісі өткізіліп, онда жалпы 7 мәселе қаралды, оның ішінде 1 тәртіптік іс.

Атап айтқанда, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін Талас ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің басшысы К.М.Терликбаевқа қатысты қозғалған тәртіптік іс қаралды.
Тәртіптік істі қарау нәтижесінде, Әдеп жөніндегі кеңеспен аталған мемлекеттік қызметшіге «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жазаны қолдану ұсынылды.
Сонымен қатар, Т.Рысқұлов ауданы жергілікті атқарушы органдарының сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды және мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын бұзудың алдын алуға бағытталған шаралары туралы аудан әкімінің есебі тыңдалды.
Нәтижесінде, Әдеп жөніндегі кеңеспен аталған бағытта жұмысты күшейту жөнінде ұсынымдар енгізілді.
Одан бөлек, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Жамбыл облысы бойынша департаментімен облыстың мемлекеттік органдары (мемлекеттік ұйымдар) мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген мониторинг қорытындылары қаралды.
Сондай-ақ, Жамбыл облысы әкімі аппаратының және Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілдерінің 2022 жылы атқарған жұмыстарының нәтижелері туралы есептері тыңдалды.
Сонымен бірге, Әдеп жөніндегі кеңестің 2022 жылы атқарған жұмысының қорытындылары мен қарамағындағы қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін басшылардың тәртіптік жауапкершілігі мен саяси қызметшілердің отставкасы мәселесіне жүргізілген мониторингтің нәтижелері қаралды.
Аталған сұрақтарды қарау бойынша Әдеп жөніндегі кеңеспен тиісті ұсынымдар енгізілді.