Жалынды жастардың жігерлі жұмысы  

    Бүгінде Жастар саясаты барлық қырынан оңтайландырылуда. Жүйелі жұмыс жеміссіз де емес. Түрлі мемлекеттік бағдарламалардың арқасында белсенді жастарды үлес салмағы артып, қоғам өміріне етене араласуда. Мұндай жалынды жастардың легі Жамбыл облысында да қалыптасқан.
Мәселен облыстағы жастар саны- 239 151 (жалпы облыс халқының 21,2%)

Жалпы жастардың 92 424-і білім алса, 5739-і жұмыссыз жастар, 18 414- NEET жастар,  57 400-і өз бетімен жұмыспен қамтылғандар және 65 174-і түрлі салада жұмыс жасайтындар.

Жастардың 149 574 (62,5%) ауылда, 89 577 (37,5%) қалада тұрады.

Экономикалық белсенді жастар саны- 205 100 адам.

Қаржыландыру жағына келсек, облыста жастар саясатын жүзеге асыруға тиісті мүдделі органдармен 892 миллион  теңге (2018 жылы- 574,6 млн. тг) қаржы қаралды. Басқарма тарапынан 178 миллион  теңге.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 60 миллион  теңгеге
31 бағытта әлеуметтік маңызы бар жобалар қаржыландырылды.
(2018 жылы- 64,7 млн. теңгеге 26 бағытта). Басқармада 3 жоба (44 млн. теңге. «Жасыл ел»- 25 млн. теңге, волонтерлар-15 млн. теңге, делегаттар- 4 млн. теңге)

Облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері  басқармасы  тарапынан 2019 жылы жоспарға жалпы 9 шара (Облыс жастарын ақпараттандыруға бағытталған «БОЛАШАҚҚА БАҒДАР» атты көшпелі кеңес беру алаңы, «ӘУЛИЕАТА ЖАУhАРЛАРЫ» атты тарихи-танымдық экспедициясы, әлеуметтік роликтер түсіру, студенттер күніне орай «СтудентFEST» атты облыстық фестиваль, әскери-патриоттық іс-шаралар кешенін ұйымдастыру, «ЖАС.ЖАЛЫН.ЖАҢҒЫРУ» атты өңірлік жастар форумы, ХV Облыстық жастар «ДЕЛЬФИЙЛІК» ойындары, «ПРОФИ-2019» облыстық байқауы, «МҮМКІНДІКТЕР МЕКЕНІ» атты мүмкіндігі шектеулі жастар лагері) .

Аталған тақырыптар бойынша бүгінде қолға алынып,  жоспарлы жүзеге асырылып жатқан жұмыстар аз емес. Оның бір сыпырасы тоғыз айдың қорытындысы бойынша діттеген жеріне жетіп, межелі мерзімде аяқталса, жыл соңына дейін жалғасып жатқан тірліктер де жоқ емес. Олар ең бірінші жастар саясатын оңтайландырылуға бағытталып, шалғайдағы елді мекендерді қамтуда. Бұл болашаққа жасалған игі қадамдардың бірі екені тағы айқын. Ендеше жалынды жастардың қатары артып, ел өміріне етене араласатын бүгінгі ұрпақтың буыны қатая берсін деп тілейміз.

Дедек Төлен