Жақсы сөз
Күшік-мұң,
оралса да шалғайыңа!
Көресің жазылғанды маңдайыңа!
Қарлығаш-ой,
жүректің төріне еніп,
Жақсы сөз ұя салсын
таңдайыңа!
Жақсы сөз-жарым ырыс,
деген қазақ,
Бабалар ақылына ер!
Болма мазақ!
Жақсы сөз нұр секілді бойға сіңер,
Дүние жақсылармен неткен ғажап!
Біреуді даттамағын
құр бекерге,
(Ол үшін келген жоқсың бұл мекенге!).
Ащы сөз — жебе сынды у жағылған,
Бекежан атқан оқтай Төлегенге!
Жақсы сөз, сөйле деген Пайғамбар да!
Ғибрат мол,
Бұл хадисте ойланғанға!
…Мұхитты билеп-төстеп жүрген киттер,
Бауырлап қалады екен
қайраңдарға!
Ешқашан кеудеңді ұрма,
тасынбағын,
Жақсы сөз алтын тәжің,
жасыл бағың!
Жақсы сөз — жан азығы,
дұға жаса,
…Періштені қасыңнан қашырмағын!
Нағашыбай Қабылбек осы жерге сүремін қой

